«Сұңкар» шаңғы трамплиндерінің халықаралық кешені
барлық жобаларСипаттама
"Сұңқар" шаңғы трамплиндерінің халықаралық кешені Алматы қаласының оңтүстік бөлігінде, Есентай өзенінен батысқа қарай, Әл-Фараби даңғылынан оңтүстікке қарай орналасқан. Әлемдегі ең үздік үш трамплиннің қатарына кіреді.
"Сұңқар" К-95 және К-125 халықаралық кластағы екі трамплиннен, төрешілер
корпусынан, аспалы жолдан, жаңбырлату, сергіту және жарықтандыру жүйелерінен тұратын өте үлкен режимдік объект. Жерасты паркингі және медиаорталық бар. Кешенде Азия ойындары мен Дүниежүзілік Қысқы Универсиада аясында әлемдік деңгейдегі жарыстар өткізілді.