INSTAGRAM

Инвесторлар мен сәулетшілерге

Қазақстандағы жоғары сапалы алюминий профильдерді аса ірі өндіруші.

Alprof — сапа қалыптастырамыз.

Инвесторлар мен сәулетшілерге

Инвесторлар үшін де, сәулетшілер үшін де конструкцияның беріктігіне сенімділік маңызды. Сәулетшілерге – олардың шығармашылық идеясы сәтті түрде шындыққа айналуы үшін. Ал инвесторларға – шығындарды ақтау үшін. Alprof клиенттердің барлық типтеріне сенімді шешімдер ұсынады. Біздің мамандардың кешенді тәсілдемесінің арқасында сіздің жобаңыз эстетикалық тартымды ғана емес, сонымен қатар болашақ мәмілелер үшін де құнды болады.

Компанияның портфолиосында бүкіл ел бойынша сәтті аяқталған мыңдаған жоба бар: жеке резиденциялардан бастап премиум санатты тұрғын үй кешендеріне дейін. Олармен "Қазақстандағы жобалар" бөлімінде толығырақ танысуға болады.  

Біз алюминий жүйелерді өндіруші ғана емес, сонымен қатар кез келген көлемдегі материалдарды жеткізу тапсырыстарын орындайтын сенімді серіктеспіз. 20 жыл ішінде біз үлкен тәжірибе жинап қана қоймай, еліміздегі ірі құрылыс салушылармен серіктестік қатынастар орнаттық. Бұл бізге клиенттеріміздің үмітіне сәйкес келетін сервисті ұсынуға мүмкіндік береді.

Барлығы ел аумағында өндірілуінің арқасында, біз логистиканы үнемдейміз және қолжетімді бағамен сапалы тауар жасаймыз. Қажет болған жағдайда бұл сіздің сызбаларыңыз бойынша бірегей алюминий жүйелерді жасауға мүмкіндік береді.

Сіздің жобаңыздың сәттілігі біз үшін маңызды. Бүгін бізге хабарласыңыз - Сіздің ойыңыздағы нәрсені жүзеге асырайық!