INSTAGRAM

Сипаттама

NOVA CITY ТК — бұл Астананың перспективалы және беделді ауданында орналасқан жаңа тұрғын үй кешені. Үйдің терезелерінен Нұра-Есіл каналына және EXPO 2017 Бүкіләлемдік көрмесін өткізу аумағына панорамалы көрініс ашылады, ол осы ауданның дамуына қуатты серпін береді.

Объектінің аумағы «қаладағы қала» тұжырымдамасы болып табылады, ол көлемді тыныш ауданды дамытуды — аулаларды көгалдандыруды,

балалар мен спорт алаңдарын, жаяу жүргіншілер жолдарын салуды қамтитын жеке инфрақұрылымы бар аумақты кешенді игеруді көздейді. Тұрғын үй кешені ауыспалы қабаттылыққа ие және ұстамды әрі жинақы стильде жасалған. Заманауи желдетілетін қасбеттер оңтайлы шешім болып табылады – олар қорғаныш және жылу оқшаулау қасиеттеріне ие, ал мұндай технологияның сапасы мен сенімділігі беріктікті қамтамасыз етеді және үйдің сыртқы келбетіне ерекше әсер береді.